Айбынды әскер Отан қорғауға әрдайым сақадай сай.
Қарулы Күштерде қанша өзге ұлт өкілі қызмет етеді?
3,364
оқылды

Бүгін Қарулы Күштердің әскери қызметшілері елмен бірге Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтіп жатыр. Статистикаға сәйкес, армиядағы әскердің 20 пайызы - өзге ұлт өкілдері. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бізде жаңа жалпыұлттық бірегейлік қалыптасқанын атап өтті. Елде ынтымағы ортақ мұрат пен құндылықтармен жарасқан 100-ден астам этнос өкілі тұрады.

«Көк төлқұжат пен көк Ту – бұл біркелкіліктің нақты нышандары», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қилы заманда Қазақстанға жүздеген мың өзге ұлт өкілі келіп қоныстанғанын тағдырмен байланыстырады. Көнекөз қариялар қазақ халқы 30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған және күштеп жер аударылғандарға қалай көмек қолын созғаны жайлы жас ұрпаққа айтып жүр.

Сондықтан Қазақстанда алуан түрлі мәдениет, дәстүр мен конфессиялардың бірегей әлеуметтік-демографиялық портреті қалыптасты.

Қарулы Күштер қатарында осында мекен еткен орыс, украин, татар, ұйғыр, өзбек, неміс, кәріс, белорус, қырғыз, грузин, башқұрттар да қызмет етеді.