Курсант өзіне қол салған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында 3-курс курсанты өлі табылды
1,616
оқылды

30 сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында 3-курс курсантының денесі табылды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, курсант өзіне қол салған.

Қазір  Бостандық аудандық Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсетілуде»,– делінген хабарламада.