Басылымның мәліметінше, қалыңдықтың анасы бұған дейін Білім министрлігінде жұмыс істеген. Алайда қызметі де, жалақысы да төмен болған.
65 жастағы әкім 16-дағы қызға үйленіп, енесін министр етіп тағайындаған
1,938
оқылды

Бразилияда 65 жастағы әкім 16 жастағы қызға үйленіп, енесін әкімшілікке қызметке тағайындаған. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Араукария қаласында болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz. 

Жергілікті тұрғындар жас жұбайлардың 50 жас айырмашылығын, әкім әйелі анасының жергілікті муниципалитетке мәдениет және туризм министрі болып тағайындалуын да қызу талқылап жатыр. Бұл іс бойынша прокуратура тергеуді бастады.  

Басылымның мәліметінше, қалыңдықтың анасы бұған дейін Білім министрлігінде жұмыс істеген. Алайда қызметі де, жалақысы да төмен болған.  

Әкімдіктегілер бұл тағайындау «атқарушы билік басшысының қалауымен шенеунік бұл лауазымға қойылатын талаптарға сәйкес келеді», -  деп мәлімдеді.

«Араукария мэрі Хиссам Хусейн Дехайни қалыңдығы Кауана Род Дехайниге 16 жасқа толғаннан кейін төрт күннен соң үйленді. Бұған дейін алты рет үйленген әкім салтанатты рәсімнен бірнеше күн бұрын қыздың анасы Марилен Родені қаланың мәдениет және туризм министрі етіп тағайындады», - деп хабарлайды Daily Mail.

Прокуратура тергеуді бастағаннан кейін Марилен Роде уақытша қызметінен шеттетілді.