Нұрбек Оралбайдың алғашқы қарсыласы анықталды
Боксшы Нұрбек Оралбай Ташкентте өтетін әлем чемпионатында Еуропа чемпионымен жұдырықтасады
3,184
оқылды

Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақ боксшысы Нұрбек Оралбайдың алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sports.kz.

80 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Нұрбек Оралбай Тәжікстан өкілі Шаббос Негматуллоевті жеңген әзірбайжандық Мурад Аллахвердиевпен кездеседі.

Мурад Аллавердиев – жастар арасындағы Еуропа чемпионы. Нұрбек Оралбайдың әуесқойдағы жетістіктеріне келетін болсақ, қазақстандық боксшы 2018 жылғы жастар арасында әлем чемпионы атанған.