Мақпал Жүнісова да өз шындығын «1001 түн» бағдарламасында айтып берді.
«Зәкеңнің зейнетақысына таласты»: Мақпал Жүнісова тағы бір шындықты айтты
4,780
оқылды

Халық әртісі Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйеліне қатысты NEGE тілшісіне қысқа пікір білдірген еді. Енді ол тағы бір шындықты жайып салды. 

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова «Уақыт көрсетеді» ютуб жобасына сұхбат беріп, бұрынғы күйеуі туралы жан сырын ақтарған болатын. Ол әңгіме барысында  марқұмның екінші отбасында жағдайы жақсы болмағанын алға тартқан еді.

Енді әнші Мақпал Жүнісова да  өз шындығын «1001 түн» бағдарламасында айтып берді. Бағдарлама барысында ол Мерей туған бауырының қызы екенін, оны асырап алғанын жасырмады. Сондай-ақ Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасынан туған балаларымен неліктен араласпайтынын да түсіндіріп өтті.

«Ана үйдегі кімдермен де жақын араласуына болатын еді, Зәкең жағынан да. Бірақ, ол жақтағы бәйбіше... Бәйбіше емес қой, бұрынғы ажырасып кеткен әйелі. Заңды әйелі – менмін.

Ол кісі Зәкеңнің көзі тірісінде балаларын араластырмады. Мерейдің маңдайынан бір сүймеген адамдар. Зәкеңнің жоқ болғанына 18 жыл болды ғой. Бір келіп, Мерейдің маңдайынан сүймеген адамдар. Бұл қыз мектепке барды, мектепті бітірді. Біреуі келіп құттықтап, бір кірген емес. Зәкеңнің зейнетақысына таласқасын не сұрайсыз?

Зәкең қайтыс болғанда Қайрат – 38-де, Құралай – 33-те болды. Сөйтіп отырып, олар зейнетақысына таласты. Зәкеңнің зейнетақысын 18 жыл бойы бөлісті. Осыдан кейін қандай туысқандық болуы мүмкін? Біз Зәкеңді құрметтейміз. Зәкеңнің шаңырағының иесіміз. Сондықтан да бізге тыныштық берсін» – деді Мақпал Жүнісова.