«Атырау барысы» атағына Арман Қалиев ие болды
Мұнайлы астана «Атырау барысын» анықтады
1,569
оқылды

Атыраудағы «Нұрсая» спорт кешенінде «Қазақстан Барысы» турнирінің облыстық кезеңі өтті.

Аталған іс-шара Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу кезеңі болатын.

Спорттық додада қала және аудандардан 15 балуан қатысып, күш сынасты. 

Жарыс нәтижесімен «Атырау барысы» атағына Арман Қалиев ие болды. Екінші орынға Бекбол Мұқашев лайық деп танылса, ал үшінші орын Бекзат Шағатаевқа бұйырды. 

Сондай-ақ, жарыс жеңімпаздарына медальдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Оның ішінде 1 орынға 500 мың теңге, 2 орынға 300 мың теңге, 3 орынға 200 мың теңге берілді.

Баян Жанұзақова