Үш оқушы зардап шекті.
Павлодарлық оқушы мектепте бұрыш баллонын шашып жіберген
1,093
оқылды

Павлодарда 9-сынып оқушысы мектепте бұрыш баллонын шашып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 мамыр күні сағат 17:30 шамасында Павлодар қаласының полициясына қала мектептерінің бірінің үш оқушысы уланып, ауруханаға жатқызылды деген хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері 16 жастағы 9-сынып оқушысы өзімен бірге бұрыш сепкіш алып келгенін анықтады. Сабақ барысында ол сыныптастарымен бірге бұрыш сепкішті сыныпта шашыратпақ болып келіскен. Сағат 11:35 шамасында достарының бірі кабинетте бүріккіш бөтелкені шашыратып жіберген. Мұғалімдер болған оқиғаның мән-жайын білген соң кабинет желдетіліп, дымқыл ерітіндімен тазартылды.

Екінші ауысымда осы кабинетте 6-сынып оқушылары оқыған. Сабақ барысында осы сыныптың кейбір оқушылары көздің ашуы, беттің қызаруы түріндегі белгілермен өздерін нашар сезінген.