Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ азаматтық қоғам және белсенді жастар өкілдері қатысты.
Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне тағзым етті
1,507
оқылды

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Астана қаласындағы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ азаматтық қоғам және белсенді жастар өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар соғыста жеңіс үшін күрескен жауынгерлердің ерен ерлігін бір минуттық үнсіздікпен еске алып, қазақстандық майдангерлерге құрмет көрсетті.