Қыздың жанында құрбысы болған.
«Жанында құрбысы болған» – Түркістан облысында 11 жастағы қыздың мәйіті табылды
3,607
оқылды

Түркістан облысында 4-сынып оқушысы каналдың суына батып кетті. Оқиға Келес ауданы Абай ауылында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 11 жастағы қыз 8 мамыр күні сағат 17.10-да «Ошақты» суармалы каналына құлап кеткен. 

Қасында болған құрбысы оның ойнап жүріп, абайсызда суға батып кеткенін айтқан.

«Жасөспірімді іздеуге ТЖД ЖҚЖ (6 құтқарушы, 1 қайық және 1 бірлік техника), ТЖД (6 қызметкер және 2 бірлік техника), ЖАО (4 жұмысшы, 1 бірлік техника және 2 қайық) жұмылдырылды. Сондай-ақ жасөспірімнің туыстары (12 адам), ПД (8 қызметкер және 2 бірлік техника) қатысты. Нәтижесінде, кешкі сағат 21.20-да ТЖД туыстарының күшімен қыздың мәйітін құлаған жерден төмен қарай 5 шақырым жерден тауып, судан алып шықты», –  делінген ресми хабарламада.