«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке параны кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісі Талғат Боранбаев бергені белгілі болды.
«Абылай Мырзахметовтің ісінде пара беруі мүмкін адам – Талғат Боранбаев, 8 жылға сотталған олигарх Қайрат Боранбаевтың кіші інісі», – деп хабарлады белгілі журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында.
Айта кетейік, кеше кешке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар көлемінде пара алғаны үшін ұсталғаны хабарланды.
Антикор ақпаратты растады.