Абылай Мырзахметовке параны кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісі Талғат Боранбаев бергені белгілі болды.
Абылай Мырзахметовке кім пара бергені белгілі болды
4,025
оқылды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке параны кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісі Талғат Боранбаев бергені белгілі болды.

«Абылай Мырзахметовтің ісінде пара беруі мүмкін адам – Талғат Боранбаев, 8 жылға сотталған олигарх Қайрат Боранбаевтың кіші інісі», – деп хабарлады белгілі журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында.

Айта кетейік, кеше кешке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар көлемінде пара алғаны үшін ұсталғаны хабарланды.

Антикор ақпаратты растады.