Жиында шағын қала тұрғындары көшелердің тоз-тозы шыққанын айтып, жөндеу жұмысы қажет екенін жеткізді.
«AMANAT»-тың сайлауалды уәделері: Қаратау қаласының көшелерінде жөндеу жұмысы басталды
821
оқылды

Биыл 6 наурызда «AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабының өкілдері Жамбыл өңіріне барып, Қаратау қаласының жұртшылығымен кездесті. Жиында шағын қала тұрғындары көшелердің тоз-тозы шыққанын айтып, жөндеу жұмысы қажет екенін жеткізді.

Басқосуда партия Төрағасы Ерлан Қошанов тұрғындар көтерген мәселенің орынды екенін айтып, көшелерді жөндеу жұмысы бақылауға алынатынын жеткізді. Араға көп уақыт салмай партияның халық алдында берген уәдесі орындалып, Қаратау қаласындағы Қ.Сәтбаев, А.Өмірұлы көшелерінде жөндеу жұмысы басталды.

«AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабын бастап келген Ерлан Қошановқа мәселемізді жеткізген болатынбыз. Уәде берілгеннен соң, көп ұзамай көшелерімізде жөндеу жұмысы басталды. Сөздің емес, нақты істің партиясына айналған «AMANAT»-қа алғысымызды білдіреміз. Себебі, партия көпшілік алдында берген уәдесін құрғақ сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындауда» , – деді қала тұрғыны Шоқан Айтбайұлы.

Басталған жұмыстың соңына дейін сапалы аяқталуы үшін партиялық бақылау бекеті құрылды.

«Серіктестік жөндеу жұмысын биыл 29 сәуірде бастады. Ол мамыр айының соңында толығымен аяқталады. Жұмыс барысын назарда ұстаймыз», – деді партиялық бақылау бекетінің басшысы Құдиярбек Омаров.