Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді
Петропавлда үш жасөспірім соққыға жығылған
1,021
оқылды

Петропавлда үш жасөспірім қатты соққыға жығылды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 6 мамырда сағат 22:30-да қаладағы дәмханалардың бірінің маңында мас күйдегі алты жігіт кәмелетке толмаған екі жасөспірімді ұрып-соққаны туралы хабарлама тараған болатын.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді.
 
"7 мамыр күні сағат 00:58 шамасында Петропавл полиция басқармасының 102 жедел арнасына Интернациональная көшесінде төбелес болып жатқаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына автопатрульдер мен қалалық полицияның жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты, полиция жанжал кезінде белгісіз адамдардың 16 жастағы үш жасөспірімге дене жарақатын салғанын анықтады", - деп хабарлады полиция.
 
Бұл факт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.
 
Полиция қызметкерлері бұзақылық жасады деген күдікпен 2003 жылы туған ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты және объективті зерттеу үшін тергеу жүргізіліп жатыр, деп түйіндеді ведомство.