Қазақ боксшылары Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатынан елге оралды.
Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов: Тақияны Махмұд Сабырханнан сұрап алдым
5,652
оқылды

Әлем чемпиондарын Астана әуежайынан халық күтіп алды. 

Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Qazaqstan ұлттық арнасында «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді. Ұлттық құраманың бас бапкері жанкүйерлерге алғыс айтты. 

Сұхбатта бас бапкер мен чемпион әлем чемпионатындағы жеңіс пен сәтсіздіктердің себебіне де тоқталды. 

Әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов жанкүйер болған Қазақ еліне шын жүректен алғыс айтты.

«Марапаттау рәсіміне Махмұд Сабырхан қазақтың ою тақиясын киіп шыққанда әдемі көрінді. Менің де киіп шыққым келді. Салтанатты рәсімде әдемі көрінген соң тақияны Махмұд Сабырханнан сұрап алдым. Өзге елде Туымыз көтеріліп, Әнұран шырқалғанда қазақтың тақиясымен тұрғаным жарасымды деп ойладым», – дейді Асланбек Шымбергенов.

Бұған дейін  чемпиондарға берілетін сыйақы туралы жазған болатынбыз.

 

Фото: insidethegames.biz