Елімізде газ бағасы қымбаттайды.
Жуырда Қазақстанда газ бағасы қымбаттайды
748
оқылды

Қазақстанда келесі айдан бастап елімізде сұйылтылған газ бағасы 23%-ға қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың бұйрығы жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұйрыққа сәйкес, биыл 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында ішкі нарықтағы газ бағасы қосымша құн салығын есептемегенде бір тоннасы 34 319 теңге болып бекітілді. 

Inbusiness.kz-тің дерегінше, жыл басынан бері газ бағасы тоннасына 28 мың теңге болды. 

Газ бағасының қымбаттауы Жаңаөзенде наразалықтың бастауына түрткі болып, соңы Қаңтар көтерілісіне ұласқан еді. 

Қаңтар оқиғасынан кейін газ бағасы уақытша қымбаттамады. Бір жылдан соң бағаны жоғарылату мәселесі қайта көтерілді. 

Бұған дейін сарапшы бензин бағасының қымбаттағанына байланысты Қаңтар оқиғасын ұмытпауы тиіс деген пікірін айтқан еді.  

Фото: prufy.ru