Ақтөбеде полиция формасын киіп, қаланы аралап жүрген мас күйде болған қыз ұсталды. 19 мамырда жедел басқару орталығының 102 телефонына "Есет батыр" ықшамауданында мас күйінде полиция қызметкері түріндегі қыз жүргені туралы хабарлама келіп түскен.
Ақтөбелік қыз ішіп алып, полиция формасын киіп, қаланы шарлаған
1,329
оқылды

Аталған мекенжайға барған учаскелік полиция инспекторы полицияға ешқандай қатысы жоқ 29 жастағы қызды ұстап, учаскелік полиция пунктіне жеткізген.

Қазір  қыз Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің  440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу),  434-бабы (Ұсақ бұзақылық) және 675-бабы (Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру  (пайдалану") бойынша хаттама толтыру үшін полицияның учаскелік пунктіне жеткізілгені айтылады.

Сондай-ақ ол полиция қызметкерінің формасын қайдан алғаны анықталуда.