Шамамен 900 шаршы метр аумақты жалын шарпыды.
Қарағандыда көпқабатты үйдің шатыры жанып кетті
1,589
оқылды
Қарағандыда 840 шаршы метр аумақтағы 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді.

21 мамыр күні сағат 14:59 шамасында Әлихан Бөкейханов ауданындағы 11-кварталдағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы қоңырау түскен.

"5 қабатты тұрғын үйде ашық жалынмен шатыр торлары жанып жатыр. От шарпыған алаң шамамен 900 шаршы метрді алып кетті. ТЖД 15 адамды эвакуациялады. Өртті сөндіруге ТЖД бөлімшелері жұмылдырылды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.