Турнирде 19 жастағы Бибісара Асаубаева бұрынғы ресейлік, қазір Швейцарияның атынан өнер көрсететін Александра Костенюкты жеңді. Бұл – Асаубаеваның Гран-при кезеңіндегі бірінші жеңісі. Бұған дейін ол төрт рет тең нәтиже көрсетіп, екі рет жеңіліп қалған еді.
Никосия қаласында (Кипр) шахматтан ФИДЕ әйелдер Гран-приі қорытынды кезеңінің 7-тур партиясы аяқталды.
![Бибісара турнирді сәтті бастады](https://aikyn.kz/public/index.php/upload/media/posts/2023/05/bibisara-turnirdi-s-tti-bastady_1684972366.jpg)