Оқыс оқиға Алматы облысында болды.
Бензин құйылған канистрдің жанында ойнаған бала ауруханаға түсті
1,522
оқылды

27 мамырда сағат 18.40-та Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылында 2020 жылы туған баланы күйік шалғаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнына шұғыл ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілді. Екі бала үйдің ауласында ойнағанын анықтады. Олардың біреуі бензин құйылған құтының жанында сіріңке жаққан. Абайсызда мойын, арқа, бөксе, II-III дәрежелі оң иығы күйіп қалған. Шамамен 20-29%-ін күйік шалған. Жарақат алған балаларды Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізді.

Мамандар қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.