Лондонда алматылық суретші Айғана Ғалидың көрмесі ұйым­дастырылды. Автор абстракция стилінде салынған суреттерінің жаңа топтамасын жарық тақырыбымен байланыстырған.
Алматылық суретшінің көрмесі – Лондонда
924
оқылды

Жарқыраған шарлар, импульстік электр ағындары, сары сәулелер – мұның бәрі Айғана Ғалидің сурет­терін­де көрініс тапқан. Автор өз ең­бек­терінде жарықпен шағылысып, әртүрлі кейіпке енген заттарды бей­не­леуге тырысқан. «Картиналар мүл­дем басқа тілде сөйлейді. Кванттық физика немесе космология тілі ме дер­сің», – дейді сарапшылар.

Айғана суреттеріне ұлттық рең беріп, картиналарын «Шаңқобыз», «Киіз үй», «Қосын» және «Өрнек» деп атаған.

«Автордың төл мәдениетіне өте жақын екендігін және оны жоғары бағалайтынын анық аңғаруға болады. Ол көптеген жұмысы арқылы ұлы даладан бастау алатын Тәңіршілдік идеясын жеткізуге тырысқан. Бірақ оның шығармашылығының дінге еш қатысы жоқ, абстрактілік өнер деп ба­ға­лар едім», – дейді көрме кура­торы, сарапшы Нико Кос Ерл.

Айғана Ғали өз шығарма­шылы­ғында кенеп пен қағаздан бастап, тоқыма мен қолаға дейін пайдала­нады. Суретші – Алматы қаласының тумасы. Айғана әлемнің түкпір-түк­пірінде көрмелер өткізіп, туынды­лары арқылы халқымыздың бай мә­дени мұрасын насихаттап жүр.

Б.ПЕРДЕБЕКҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Фото: inform.kz