Мұнайшылар араша сұрап Астанаға келген еді.
Жаңаөзенде жұмыссыз қалған мұнайшыларға жұмыс ұсынды
2,062
оқылды

Жаңаөзен қаласында «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС-ның басшылығы «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС бұрынғы қызметкерлерімен кезекті кездесу өткізді. Бұл туралы Aikyn.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Кездесуде «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Н.Қилыбай «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлерін жұмыспен қамту үшін «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС-на жұмысқа орналастыру туралы ұсыныс айтты. 

Жиын қатысушыларына «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС арасында «БерӘлі» компаниясының бұрынғы жұмысшыларының бұған дейін алып келген жалақы мөлшерін кепілді сақталуын көздейтін шарт ұсынылды.

Сонымен қатар кездесуге келгендерге ұңғымаларды өнеркәсіптік жөндеу қызметін сатып алуға тендер 3 жыл мерзімге өткізілетіні айтты. 

«БерӘлі» компаниясының бұрынғы жұмысшылары ұсынылған шарттарды қарастыруға уақыт сұрады.