Матч 1 сағат 21 минутқа созылды.
Рыбакина Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады
1,251
оқылды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымында Чехия өкілі Бренда Фрухвиртованы (146 WTA) 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жасар Бренда Фрухвиртовамен кездесті.

Матч 1 сағат 21 минутқа созылды. Елена 9 эйс жасап, сегіз брейк-пойнттың бесеуін (63%) сәтті жүзеге асырды.

Келесі раундта Қазақстанның алғашқы ракеткасы Чехияның тағы бір теннисшісі Линда Носковамен (50 WTA) ойнайды.