Бұл қадамдар Конституцияда қабылданған түзету аясында ескерілген.
Назарбаевқа тіл тигізгені үшін жазаға тартатын норма жойылады
1,102
оқылды

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізгені үшін жазаға тартатын 373 және 374-бапты алып тастауға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұндай түзетулер қарастырылған. Активтерді қайтару туралы заң жобасы аясындағы ілеспе құжатта жауапкершілікті алып тастайтын норма бар. Бұл қадамдар Конституцияда қабылданған түзету аясында ескерілген. Конституцияда Елбасы және оның өкілеттіктері туралы көрсетілмеген, сондықтан бұл баптар Қылмыстық кодексте қажет емес. Өйткені, Елбасы деген мәртебе қарастырылмаған және қылмыстық жауапкершілік енді болмайды әрі қолданылмайды», – деді С. Имашева Мәжілісте тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол аталған норма заңнамада қашан жойылатынын айтты.

«Активтерді қайтаруға қатысты заң жобаларының барлық пакетін қабылдаған кезде, бұл нормалар да алынып тасталады. Осы нормаларды Мәжілістегі біздің комитет қарастырып жатыр. Тіл тигізгені үшін қарастырылған жауапкершілік нормасы жойылады», – деді депутат.