29 мамырда таңертең Артықбай Елманов Yessenov university-ден белгісіз бағытқа шығып, үйіне оралмаған.
Университеттен шығып, оралмаған: Ақтауда студент 3 күннен бері іздестіріліп жатыр
2,782
оқылды

Ақтауда 17 жастағы студент үшінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Lider.kz еріктілері хабарлады.

29 мамырда таңертең Артықбай Елманов Yessenov university-ден белгісіз бағытқа шығып, үйіне оралмаған.

Жігіттің дене бітімі орташа, бойы – 175-180 сантиметр.

Жоғалған адам туралы ақпараты болса мына телефондар арқылы хабарласу қажет: 8 (700) 499-72-92 немесе "102".