Полиция қызметкерлері сот-медициналық сараптама тағайындап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім қыз суға батып кетті
953
оқылды

Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім қыз суға батып кетті. Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға маусымның 1-де Целиноград ауданы аумағындағы Есіл өзінде болған.

«Белгілі болғандай, суға батқан жасөспірім Целиноград ауданына төрт адамнан тұратын биші қыздар құрамында келген. Талапкер және Нұра-Есіл ауылдары арасында Есіл өзеніне шомылған. Полиция қызметкерлері сот-медициналық сараптама тағайындап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді ведомстводан.