Қоршаған ортаның таза­лығын сақтау – біздің заманы­мыздың басты міндет­терінің бірі. Бүгінде экология мәселесі – адамзатты алаң­датар мәселе­лердің қатарынан. Атал­мыш мәселенің тү­йіт­­кілін табуға бі­лек сыбана кіріс­кен ға­лым­дар да жоқ емес. Солар­дың бірі жас та бол­са, жа­­сам­паз ғалым – Дәу­­лет Егембердиев.
«Жердің дәрігері» Дәулет
769
оқылды

Дәулет Қанатұлы Егембер­диев – мұнай мен газды қайта өңдеу  ғылымының докторы, тех­нолог, профессор, тұзды және мұнаймен ластанған жер­лерді мелиорациялау бойынша ғылым магистрі. Жас ғалым шөлді жерлерді, сонымен қоса, мұнай мен газдан ластанған жер­лердің топырағын биоме­лиор­анттар арқылы қалпына келтірудің шешімін тапқан. Ғалымның бұл жобасы шетелде үлкен қолдау тауып, Финлян­дияның Хельсин­ки қаласында өткен NURINTECH иннова­ция­лық жобалар бай­қауында бас жүлдеге ие бол­ған. Био­мелио­рацияны топы­рақты, суды және ауаны тазарту және өн­дірістік қалдықтарды жою үшін пайдалануға болады. Және қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпті бо­луы мүмкін химиялық реагент­терді қолданбайтын­дықтан, жағу, полигондарда сақтау немесе химиялық таза­лау сияқ­ты дәстүрлі әдістер­мен салыс­тыр­ғанда ластанған орта­ны тазар­тудың экология­лық таза әдісі болып саналады. 

Дәл осы себептен де жас ғалым Дәулет Егембердиевтің бұл жобасы экологияға көрсе­тілер алғашқы жәрдем болары сөзсіз. Өзін «жердің дәрігері­мін» деп таныстыратын ға­лым­­­ның атқарып жүрген ерен еңбе­гін насихаттап, жаппай қолда­нысқа енгізсе, яғни та­би­ғи мелио­рант­тарды пайда­лану арқылы өсімдік­терді, жерлерді тыңайтса эко­логияға сәл де болса үлес қос­қан болар едік. Бұл техно­логия арқылы тыңай­тыл­ған жер­лер өз кезе­гінде жер беде­рін ұлғайтуға, су шаруа­шылы­ғы режимін жақсартуға, аумақ­тың эрозия­сын шектеу­ге, жерасты су­лары­ның кең режи­мін қамта­масыз етуге септігін тигі­зеді. Аталмыш тыңайт­қышты сұ­йық және құрғақ күйін­де қол­дануға болады. Ауыл­шаруа­шылығына тың серпіліс әке­ле­тін бұл жаңалық­ты Жамбыл облы­сын­дағы Талас ауданы мен Түркістан облысын­дағы Сары­ағаш аудандарында тұзды жерлерде сынап көрген және Ресей шаруалары кең көлемде қолданды. Нәтижесі маман­дар­ды таңғалдырып отыр. Өніммен қоса жердің құ­нар­лығы да артқан. Ғалым­ның ойлап тапқан тыңайт­қышы осы күнге дейін Поль­ша мен Ресей­ге жөнелтіліп, тиімділігін дә­лел­деді. Өнімдi көптеп шыға­рып, ауылшаруа­шылығына тегістей енгізу үшін ғалым биз­нес әлеміне аяқ басты.

Жерді табиғи жолмен қайта өңдеудің жолын ойлап тапқан ғалымның көздеген мақсаты – жер өнімділігін және олардың экономикалық тиімділігін арт­тыру. Бұл өз кезегінде адам­дардың өмір сүру жағдайлары мен әл-ауқатының жақсаруына, ауыл шаруашылығындағы және басқа да байланысты салалар­дың оңтайлануына әкеледі. Бұл технология арқылы бір­не­ше нә­ти­желерге қол жеткі­зуге бо­лады. Топырақ эро­зиясын бә­сең­дету: био­мелио­рация топы­рақ эрозиясының алдын алуға, оның құнарлы­лығын арттыруға және құры­лымын жақсартуға көмек­теседі. Ол үшін компост пен органикалық ты­ңайт­қыш­тарды қолдану, топы­рақ түзе­тін өсім­діктерді себу, өзендер мен көл­дердің жаға­лауларын өсім­діктермен ны­ғайту сияқ­ты әдіс­тер қол­данылады.

Топырақты токсиндерден тазарту: өсімдіктердің кейбір түрлерін топырақты токсин­дерден және мұнай, қорғасын және кадмий сияқты ластау­шы заттардан тазарту үшін қолда­нуға болады. Бұған осы өсімдік­тер­дің фиторе­меди­ация қабі­леті, яғни токсин­дерді сіңіру және мета­болизмі арқылы қол жеткізіледі. 

Биоәртүрлілікті жақсарту: биомелиорация өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тірші­лік етуіне және жәндіктердің кө­беюіне жағдай жасау арқы­лы биоәртүрлілікті арттыруға ықпал етуі мүмкін. Ол үшін көп­­жылдық шөптерді себу, органикалық тыңайтқыштар енгізу және жасанды био­топтар жасау сияқты әдістер қолданы­лады.

Көміртекті азайту: био­мели­о­рация топырақтағы кө­міртегі қорын көбейту ар­қы­лы көмір­тегі шығарынды­ларын азайтуға көмектеседі. Ол үшін жасыл тыңайт­қыш­тарды себу, тұрақты дақыл­дар­ды орнату және топы­рақты өңдеудің диструк­тивті әдістерінің санын азайтуға кө­мек­тесетін агротехникалық әдіс­­терді қолдану сияқты әдіс­­тер қолданылады.

Биомелиорацияның қор­ша­­ған ортаға және жалпы қоғамға пайдасы бар. Бұл биологиялық процестерді қолдана отырып, топырақтың сапасын жақсарту және табиғи экожүйелерді қал­пына келтірудің экологиялық таза әдісі.

Биомелиорацияны қол­дан­­ған кезде келесі артықшы­лық­тарға қол жеткізуге бола­ды: топырақтың сапасын жақ­сарту және оның құнар­лы­лығын арт­тыру, бұл өнімді­ліктің жоғары­лауына және химиялық ты­ңайт­қыштарды пайдаланудың тө­мен­деуіне әкеледі. Топырақ­ты улы зат­тар мен ластаушы заттардан тазарту, бұл топырақ пен су ресурстарының ласта­нуын шешуде пайдалы болуы мүм­кін. Осындай басты артық­шылық­тары болғандықтан биотыңайт­қыштарды ауыл­шаруа­­­шылы­ғында кеңінен қолдану тиімді әрі ұтымды тәсіл болмақ. 

Жалпы, биомелиорация қоршаған ортаны қорғаудың көптеген әдістері мен тәсіл­дерін қамтитын кешенді тұ­рақ­тылық бағдарламасы­ның пайдалы бөлігі болуы мүмкін. Дұрыс қолда­ныл­ған био­мелио­рация топырақтың са­па­сын жақсар­туға және таби­ғи экожүйелерді қалпына кел­тіруге, химиялық тыңайт­қыш­тар мен препарат­тарды пай­далануды азайтуға көмек­теседі, бұл адамдардың ден­сау­лығына және жалпы план­етаның экологиялық жағ­дайына оң әсер етеді. Елі­міз­дің батыс аймағы мұнайлы өлке болғандықтан, жас ға­лым Дәу­лет Егембердиев осы аймаққа табан тіреп, сол жер­дегі эко­логия­лық проб­лема­лардың шешімін тауып жүр. Жер бетін ластап жатқан мұ­най қалдық­тарын қайта өң­деп, ал жерін тыңайту ар­қы­лы халық кәдесіне қайта жарату – нағыз адамдық әрі азамат­тық іс деп білеміз. 

Ғылымнұр КӘДІРБАЙ