Рәміздер күні мерекесіне орай жаппай ел Әнұранын орындау шарасы ұйымдастырылды.
Шымкентте жаппай Әнұран орындалды
1,768
оқылды

 «Тәуелсіздік» монументінде өткен патриоттық іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Атқарушы хатшы орынбасары Ерлан Айтбаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қайрат Имашев, «Жастар рухы» Жастар қанаты және партия мүшелері қатысты.

Акция барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің мәні түсіндіріліп, #БірТолқында Мемлекеттік Әнұран еліміздің 20 аймағында орындалды. 

Ән шеруді «Көк Тудың желбірегені», «Алға Қазақстан!» және тағы да басқа патриоттық әндер жалғастырды.

Жастар бойындағы патриоттық сезімді арттырып, ұлттық мейрамды жоғары деңгейде атап өтуді мақсат еткен іс-шара қатысушыларға ерекше рух сыйлады.

Назгүл Назарбекова