Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақсуда балалар электр тогы бар субұрқаққа түскен
1,548
оқылды
Павлодар облысында полиция қызметкері электр тогы бар субұрқақта болған балаларды құтқарды, деп хабарлайды polisia.kz.

Кеше Ақсуда қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде патрульдік полиция взводының аға инспекторы Қажымұрат Фаизов балалардың айқайын естіп, субұрқақтың жанына барған.

Жүгіріп келе жатып, субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыздың тұрғанын көріп, уақытты жоғалтпай, субұрқаққа секірдім. Екі қызды шығарып алдым. Кейін жедел жәрдем шақырып, балаларды мамандарға тапсырып, қызметке кірістім", - деді Қажымұрат Фаизов.

3, 6 және 8 жастағы балалар үлкендердің қарауынсыз субұрқаққа шомылуға келгені анықталды. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерге тапсырылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

 
 
 
 
Реклама