Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
«16 млн теңге жымқырған»: Жетісу облысында «Өркен» спорт мектебінің қызметкерлері тергеліп жатыр
1,156
оқылды

Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Жетісу облысындағы «Өркен» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, мекеме қызметкерлері 2015-2022 жылдары жұмысқа қабылданып, шын мәнінде нақты жұмыс істемеген алты адамға жалақы есептеу арқылы 16 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз аударған.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy