Туристер медициналық көмекке мұқтаж болмаған
Алматы тауларында жоғалып кеткен 4 турист табылды
705
оқылды

Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалып кеткен 4 туристі іздеп тапты.

«4 маусым сағат 19:05-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) кезекші-диспетчерлік бөліміне Медеу ауданындағы тауларда 4 турист жоғалып кетті деген хабарлама түсті. Туристер Көк жайлау – Күмбел шыңы бағытымен жүрген. Кері қайтар жолда Горельник шатқалына қарай шығып, жолда адасып кеткен. Туристер телефонмен байланыста болып, геолокация деректерін жібере алды.

Сағат 20:00-де 6 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы, оның ішінде бір кинологиялық есептоп Горельник шатқалына туристерді іздеуге шықты. Сағат 22:55-те ТЖМ құтқарушылары зардап шеккендерді тауып алды. Қуанышқа орай туристер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінде.

Фото: sportishka.com