Оқиға бүгін сағат 11:30 шамасында болған
Полицей суға батып бара жатқан жігітті құтқарды
927
оқылды

Қызылорда облысында полиция қызметкері суға батып бара жатқан ер азаматты құтқарып қалды.

Оқиға бүгін, 5 маусымда жергілікті уақытпен сағат 11:30 шамасында болған. Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ержан Абдраманов суға батып бара жатқан ер азаматтың өмірін сақтап қалды.

«Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Абдраманов Ержан Асылханұлы және патрульдік полиция тобының аға инспекторы, полиция лейтенанты Өтеш Ернұр Өміртайұлы қызмет бабымен аймақты аралап жүрген болатын. Сол сәттің бірінде көлік алдынан жергілікті тұрғын жүгіріп шығып, көліктерін тоқтатуын сұраған. Жергілікті тұрғын Бұқарбай батыр елді мекеніне қарасты «Северный» каналында бір азаматтың суға батып бара жатқандығын айтып, көмектесуін өтінді. Ержан еш ойланбастан жігітті аман алып қалу мақсатында суға секірді. Жігітті жағаға шығарып, оған дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.