Мақат ауданы Мұнайайдаушылар ауылының тұрғыны “Ақкөл” көлінде балық аулау кезінде суға батып кеткен.
Атырауда хабарсыз кеткен адамның мүрдесі табылды
1,434
оқылды

Қайғылы оқиға Мақат ауданында тіркелген.

Мақат ауданы Мұнайайдаушылар ауылының тұрғыны “Ақкөл” көлінде балық аулау кезінде суға батып кеткен.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, балық аулауға кеткен адамның бір күннен бері хабарсыз қалғаны туралы хабар түседі. 

"Хабарлама 3 маусым күні 11 сағат 36 минутта түсті.

Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 4 маусым күні сағат 13.30-lда марқұмның мүрдесі судан табылып, отбасына тапсырылды”, - делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде. 

Еске сала кетелік, жыл басынан бері Атырауда 9 адам суға кетіп, көз жұмды. Марқұм болғандардың арасында 2 бала да бар.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Асқат Ержановтың мәліметінше, былтыр  Атырауда 20 адам суға кетіп, көз жұмған. 

Фото: 24.kz

Баян Жанұзақова