Бұл видео Telegram-арналардың бірінде пайда болды.
Желіде экс-депутат Нұржан Әлтаевтың ұсталып жатқан сәтінен видео тарады
2,564
оқылды

Желіде экс-депутат Нұржан Әлтаевтың ұсталып жатқан сәтінен видео тарады.

Бұл видео Telegram-арналардың бірінде пайда болды. Онда бірнеше ер адам экс-депутатпен сөйлесіп тұрғаны байқалады.

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алған деген күдікке ілінгені айтылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері Нұржан Әлтаевтың аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растады.

"Оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша жарияланбайды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 2020 жылғы қарашада Әлтаев партияның беделін түсіргені үшін "Нұр Отан" (қазіргі Amanat) партиясынан шығарылған еді.

Айта кетейік, Нұржан Әлтаев Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды, сонымен қатар, аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі болды.