Қанат Рысбекұлы өз қаражаты есебінен 43 үйге ауызсу тартып берді.
Халық қалаулысы уәдесінде тұрды
1,417
оқылды

2011-2020 жылдар аралығына арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы шалғай жатқан ауылдық елді мекендерге жетпей қалғаны белгілі. Тіпті,  депутаттардың да назарынан тыс қалып, ауыл тұрғындары сапалы, таза ауызсумен қамтамасыз етілмеді. Сондай өңірдің бірі  Абай облысындағы Аягөз ауданы Мамырсу ауылына қарасты Бозай елді мекені.  Бұл ауылда бар-жоғы 95 түтін тұрады, жалпы тұрғыны  442 адам.

Осыдан екі жыл бұрынғы Қазақстан  Парламент Мәжілісі, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданынан облыстық мәслихатқа депутат болып сайланған Қанат Оспанов Бозай елді мекенінің тұрғындарымен кездескенде осы ауызсу мәселесі көтерілген еді. Сол кезде халық қалаулысы су желілерін тартып, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге уәде берген екен.

Биыл Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат таратылып, жаңадан сайланған болатын. «Уәде серт болар» демекші, атымтай жомарт азамат Бозай жұртшылығына берген уәдесін ұмытпапты. Қанат Рысбекұлы қайта депутат болып додаға түспесе де, «Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» дегендей, айтқан сөзінде тұрыпты.

Биыл көктемде аталмыш елді мекенге өз қаражаты есебінен 43 үйге ауызсу тартып берді.

Атқамінерлердің назарынан тыс қалсақ та, Қанат Рысбекұлы сияқты атымтай жомарт азаматтар бар екені қуантады, дейді ауыл тұрғыны Дәулет Есентеміров. Талай жылғы жанайқайымызды естіп, әр үйге ауызсу жеткізіп берді.