Абай облысында орман өрті өршіп тұр.
Абай облысында трактормен өрт сөндіруге кеткен орманшы табылмай жатыр
2,118
оқылды

Желдің бағыты да жиі өзгеріп, отты сөндіруге мүмкіндік бермей жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жоғалып кеткен ер адамның туыстары орманшыны іздеуге көмектесуді сұрап отыр. Бұл ақпаратты Абай облысының әкімдігі де растап отыр. 

1987 жылы туған Архипов Сергей Николаевич Абай облысында ормандағы өртті сөндіруге көмектесуге тракторымен кеткен. Ол 9 маусымнан бері хабарсыз. Трактордың мемлекеттік нөмірі – F 937 ARE. 

Бүгін Абай облысындағы өрттің түтіні Жетісуға жетті. Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жергілікті халықтан бетперде киіп, қарттарға үйден шықпауды сұрайды.