Орман әлі өртеніп жатыр. Өрт сөндіруге жел кедергі болып тұр.
Абай облысында жоғалып кеткен орманшының тракторы табылды
915
оқылды

Өртеніп жатқан орман маңында жоғалып кеткен орманшы Сергей Архиповтың тракторы табылды. Бұл туралы Aikyn.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Трактор Дмитриевка ауылынан 5 шақырым қашықтан табылды. Тасжолдан 1 шақырым шетте өшіп тұр. Бірақ ішінде орманшы жоқ. Құтқарушылар орманшыны сол елді мекеннен іздейді.

Кеше Абай облысында орман өртеніп жатқан маңайда тракторшы жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.