Қазіргі уақытта өрттің жалпы ауданы шамамен 60 мың гектарға жетті.
Зүлфия Сүлейменова ормандағы өрт ошағын тікұшақпен айналып ұшып, қарап шықты
3,680
оқылды

Өрт сөндірушілердің айтуынша, елді мекендерге  қауіп жоқ, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Экология министрлігінің мәліметінше, өрттің таралуын шектеу үшін жанталасып жатыр.

13 маусым күні таңғы сағат 4-тен бастап өрттің шетін сөндіру үшін 4 тікұшақ әуеден су шашты. Бірақ қою түтін ұшқыштардың жұмысына кедергі келтіріп жатыр. 

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге барлығы – 1 803 адам, 348 бірлік түрлі техника мен 12 тікұшақ жұмылдырылған.

Сонымен қатар метеорологтердің  хабарлауынша, 13 маусым күні кешке өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдауы мүмкін. Күндіз солтүстік-шығыстан 9-14 м/с-нан 15-20 м/с дейін жел соғуы ықтимал. Күндіз ауа температурасы + 32 градус болады.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова жедел штаб өкілдерімен бірге тікұшақпен өрт ошақтарын айналып ұшып өтті.