Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
1,517
оқылды

БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды.

 

Бүгін таңертең сағат 05:20 шамасында Казталов аудандық ПБ-ге Казталовка-Жәнібек автожолының 18 шақырымында жол апаты болғаны туралы хабарлама түсті. Lada-2110 автокөлігі жылқымен соқтығысқан, деп жазады polisia.kz.

Cалдарынан 30 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері жылқының иесін анықтап, тапты. Ол Қазталов ауданына қарасты Бірік ауылының 35 жастағы тұрғыны. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан басқа, қазір жылқы иесіне қатысты шешім қабылдау бойынша ветеринариялық инспекцияға жіберу үшін ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша материал жинақталады.

Фото: CC0 / Karl Bustamante