Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасындағы жауапсыздығы үшін сотталған.
Бас прокуратура: Күдебаев шекарадан темір тордың астымен өткен
914
оқылды

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Серік Күдебаевтың Қырғызстанға заңсыз өткенін растады, – деп хабарлады Aikyn.kz 

«Қазақпараттың» жазуынша, Серік Күдебаевтың шекарадан заңсыз өтетінін көлік жүргізушісі білген. 

«Ол шекарадан тыс жерден Қырғыз мемлекетіне өткен. Шекараға жеткізген көлік жүргізушісіне де оның мұндай әрекетке баратыны белгілі болған. Сол себепті өзі де жауапкершілікке тартылып жатыр. Ол (Күдебаев) шекараның өткізу пунктінен өтпеген. Кеген ауданында шекара темір торының астын көтеру арқылы өтіп кеткен», – деді Жандос Өмірәлиев.

Осы факті бойынша Серік Күдебаевтың үстінен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қосымша қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін Серік Күдебаевтың ұлы "Әкемді ұстаған жоқ" деп ел күтпеген мәлімдеме жасаған еді.