Сауда орталығындағы қызметкерлер мен тұрғындар толығымен эвакуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді
Таразда сауда орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті
893
оқылды

Тараз қалалық Полиция басқармасының 1-полиция бөлімінің Жедел басқару орталығына Тараздағы «Март» сауда орталығы жарылады деген ақпарат келіп түсті.

«Кешкі сағат 21:00-де сауда орталығы жарылады» деген мазмұндағы хабарлама сауда орталығының электрондық поштасына келген.

Шақырту орнына жедел түрде Полиция департаментінің жеке құрамы, арнайы саперлері мен кинолог мамандары, Төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды.

«Март» сауда орталығындағы қызметкерлер мен тұрғындар толығымен эвакуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.