34 жастағы ер адам 4 жасар қызды ұрлап кеткен.
4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік азамат Астанада ұсталды
845
оқылды

Қарағандыда 4 жасар қызды ұрлап кеткен Ресей азаматы Астанада ұсталды,   деп хабарлады polisia.kz.

Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-ға 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы оның 4 жасар қызын ұрлап кеткен.

Фото: Polisia.kz

Аталған факт Орталық ПБ-да Қылмыстық кодекстің 125-бабы  2-тармағы, яғни «Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау» бойынша тіркелді.

13 маусымда кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.

Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр.