«Хабар 24» телеарнасының басшысы Айгүл Әділова қызметінен кетті.
«Хабар 24» телеарнасының директоры қызметінен кетті
14,427
оқылды

Бұл туралы ол өзінің Facebook  парақшасында жазды.

«Құрметті достар! Екі жылдан кейін телевизия саласында жүргеніме 20 жыл толады. Соның 8 жылы «Хабарда» өтті. Тілшіліктен бастадым, жүргізуші болдым, ақпараттық бағдарламалар дирекциясына жетекшілік еттім. Соңғы жылда «Хабар24» арнасының директоры қызметін атқардым. Бұл қызметтен кетіп жатырмын»,  – деп жазды Айгүл Әділова.