1991-2019 жылдары жұмыс істегендерге жәрдемақы төленетіні жалған - министрлік
1991-2019 жылдары жұмыс істегендерге жәрдемақы төленетіні жалған - министрлік
252
оқылды

Түрлі хабар таратушы мессенджерлерде таратылған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – МӘСҚ) 1991-2019 жылдар аралығында жұмыс істетеген азаматтарға 600 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеп жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2005 жылдан бастап енгізілген және еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілік және босану немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, сондай-ақ 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың қосымша деңгейі болып табылады. Яғни, барлық осы жағдайларда жүйеге қатысушы немесе оның отбасы мемлекет төлейтін әлеуметтік жәрдемақыға қосымша МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер алады.

МӘСҚ барлық азаматтарға бейресми дереккөздердегі ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді және көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады.

МӘСҚ қызметі туралы өзекті ақпарат www.gfss.kz ресми интернет-ресурсында ұсынылған.