Орман өртінен қаза тапқандардың отбасына Семейден жаңа баспана берді.
Қаза тапқан орманшылардың отбасына Семейден баспана берді
1,137
оқылды

Семейде орман өртеніп, қаза тапқан 15 адамның отбасына пәтер кілті табысталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қаза тапқандардың отбасына 7 миллион теңге және әр балаға 2 миллион теңге төленеді. КТК арнасының хабарлауынша, асыраушысынан айырылғандарға  бірреттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Тұрғын үй Семейде жаңа бой көтерген Қарағайлы ықшамауданында орналасқан. 

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев: «Жаңа, жарық, қажет жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Дегенмен бұдан өзге де көмек көрсетіледі. Біз отбасылардың тұрмыс жағдайын біліп отырмыз. Сондықтан осы мәселе жан-жақты пысықталады», – деді.

Бұған дейін орманшының әкесі  «Орынбасары әйел адам болғандықтан, өрт ошағына ұлымды жұмсаған» деп жалғыз ұлынан айырылғанын айтқан еді. 

Фото: noks.kz