Қайғылы оқиға Панфилов ауданында болды.
Жетісу облысында көлік апатынан екі адам көз жұмды
955
оқылды

Сарыөзек  Көктал автожолының 99-шақырымында Subaru Forester автокөлігі SHACMAN жүк көлігімен соқтығысты,  деп хабарлады polisia.kz.

Жапондық көліктің 50 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның 45 жастағы жолаушысы да қайтыс болды. Зардап шеккен 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.  

Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.