Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.
Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
1,203
оқылды

Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды,  деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«А. есімді азамат, Алматы қаласы ПД-ның әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отыр. Сонымен қатар А. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс тіркелді», делінген полицияның хабарламасында.

Қазір қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған жүргізуші полицейлерге бағынбай, оқиға орнынан қашып кетпек болғаны хабарланған болатын. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткіге мас екенін анықтады.

Сол күні оның танымал әнші Төреғали Төреәлі екені белгілі болып, ол әкімшілік жауапқа тартылды. Артынша 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.