Сарыағаш қаласында «Bingo37», «Keno», «Fortuna» және басқа да форматтағы компьютерлік ойындар қызметтерін ұсынған 6 ойын нүктесінің заңсыз қызметі тоқтатылды.
Түркістан облысында 7 заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды
887
оқылды

Түркістан облысында 7 заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды, – деп хабарлайды Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ІІМ департаментімен бірлесе атқарған жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыағаш қаласында «Bingo37», «Keno», «Fortuna» және басқа да форматтағы компьютерлік ойындар қызметтерін ұсынған 6 ойын нүктесінің заңсыз қызметі тоқтатылды. Жедел уәкілдер заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың бірі болған жергілікті тұрғынды ұстады.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Түркістан қаласында да заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер мен Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері бірлесіп, қалалық автовокзалдардың бірінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған ер адамды ұстады.

Қазіргі уақытта осы факті ҚР ҚК-нің 307-бабы 1-бөлігі «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.