ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жалпы ауданы 400 шаршы метрден астам, 2 метрден 17 метрге дейінгі тереңдікте су асты сүңгу жұмыстарын жүргізуде.
Атырауда Жайық өзеніне батқан ағайынды екі жасөспірімнің бірінің денесі табылды
1,206
оқылды

Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жайық өзеніне батқан ағайынды екі жасөспірімді іздеу 4 күн қатарынан жалғасып жатыр.

"3 маусым күні кешкі уақытта Атырау қаласы, Геолог елді мекені тұсында Жайық өзеніне 2 жасөспірім бала суға батып кеткені туралы шақырту түсті. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері дереу шақырту орнына жетіп іздестіру жұмыстарын бастады. Бір топ жасөспірім суға шомылуға тыйым салынған белгі орнатылған жерде шомылу кезінде 2007 және 2008 жылы туған жасөспірімдер суға батып кеткен. Сондай-ақ 13 маусымнан бастап (4 күн ішінде) Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жалпы ауданы 400 шаршы метрден астам, 2 метрден 17 метрге дейінгі тереңдікте су асты сүңгу жұмыстарын жүргізуде. 16 маусым күні 15 сағат 10 минут шамасында жасөспірімдер суға шомылған жерден 20 метр радиуста 12 метр тереңдікте 2008 жылы туған жасөспірімнің денесін құтқарушылар тауып, судан шығарды", – делінген хабарламада.