Елордада «Керуен» сауда орталығы маңайындағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам тұрғындарды кепілге алған.
Қаруланған ер адам елордадағы Kaspi банкте тұрғындарды тұтқында ұстап отыр
930
оқылды

«Достық көшесіндегі Kaspi банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәліметке сай, ер адам қарулы. Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр», – делінген polisia.kz порталының телеграм арнасында жарияланған хабарламада.

Құқық қорғау қызметкерлері елорда тұрғындарынан сабыр сақтап, құзырлы органдардың қызметіне кедергі келтірмеуді сұрайды.