Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер шамамен 15 гектар аумақты алып жатқан өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатыр.
Елорданың іргесінде қураған ағаштар өртеніп жатыр
1,045
оқылды

Елорда іргесінде өртеніп жатқан қураған ағашты сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.

«Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер шамамен 15 гектар аумақты алып жатқан өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатыр. Ұйытқи соққан қатты жел, батпақты жер, сонымен қатар барар жолдың жоқтығы өртті сөндіруді күрделендіріп отыр. Өртті сөндіруге Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 140 маманы мен 21 техникасы, әкімдіктің 8 су шашатын машинасы, «Астана орманы» мекемесінің 10 көлігі жұмылдырылған», – деп мәлім етті Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқаны хабарланды.